Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қазақ музыка тарихының көрнекті өкілі, күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Құрманғазы және XXI ғасырдағы түркі халықтарының рухани әлемі: тарих – ғасыр – тұлға» атты халықаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияға Құрманғазы оркестрінің директоры Медет Қуанышев, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры Қ. Матыжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші Шәміл Әбілтаев , Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясының директоры Ақан Абдуалиев, Қаскелең мәдениет колледжінің директоры Саят Ақбасов сынды өнер майталмандары қатысты.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде Құрманғазы атындағы оркестрінің директоры Медет Ермекқалиұлы сөз алып: «Қазақ халқының мақтанышына айналған Құрманғазы бабамызға арналған халықаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференцияның маңыздылығына тоқталып өтті.
Рухани іс-шарада Құрманғазы оркестрінің шағын құрамы өнер көрсетіп күйден шашу шашты.
Осы орайда тарихи маңызы зор іс-шара ұйымдастырған М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұжымына алғыс білдіреміз.