Untitled-1
«Киелі Семей» атты шығармашылық кеші
15.09.2016
18:30
Алматы қаласы
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі ғимараты
Google Map

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі 2016 жылдың 15 қыркүйегі күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер, композитор Оразғали Сейтқазының «Киелі Семей» атты шығармашылық кешін өткізеді. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған іс-шарада: Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты — Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері-Жарқын Шәкәрім, Баян Сағынбаева, Еркін Шүкіман, Дәлел Уәш ҚР мәдениет қайраткері-Талғат Мұқышев, Халықаралық конкурстардың лауреаттары — Айбек Бекбосынов, Нұрсұлтан Шатырханұлы, Ерлан Леспаевтар қатысады.

Оркестрдің бас дирижері «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Арман Жүдебаев, дирижерлар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанас Бекентұров, Оразғали Сейтқазы .

Концертті жүргізуші, Мәдениет қайраткері Тұрарбек Хайралиев.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға байланысуға болады:8 (727)292-53-93, 292-48-83, 87076316064.

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 158, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі.