3
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының тұсаукесері (Франция, Париж, ЮНЕСКО штаб-пәтері 17-19.10.17)
12.10.2017

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасының тұсаукесері
(Франция, Париж, ЮНЕСКО штаб-пәтері 17-19.10.17)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (UNESCO)
Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының тұсаукесері аясында 2017 жылғы 17 қазанда Париж қаласы (Франция) UNESCO штаб-пәтерінде «Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» атты халықаралық мәдени жобасын ұйымдастырады.
Қазақстан осыған дейін де UNESCO және БҰҰ Бас Ассамблеясымен қолданған және бекітілген ірі халықаралық бағдарламалардың бастамашысы болған, олардың қатарында – Халықаралық мәдени жақындастықтың онжылдығы; әлемде 29 тамызда атап өтілетін және барлық елдер үшін қауіпсіз әлемді қалыптастыруға ықпал ететін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күні атты ірі шаралар болды. Осы жолы Қазақстан қазіргі заманғы дамудың өзекті моделін ашық талқылауға салып отыр, бұл UNESCO және жалпы үдемелі адамзат миссиясымен және қызметімен үндес.
Аталған ауқымды жобаның мақсаты:
— жаһандық халықаралық қауымдастық дамуының контексінде Қазақстанның үшінші жаңару перспективасын көрсету және талқылау;
— қазақ халқының дәстүрлі мәдени мұрасымен және Қазақстанның қазіргі заманғы озық жетістіктерімен таныстыру.
Жобаның бірінші күні – 2017 жылғы 17 қазанда UNESCO штаб-пәтерінің ІХ конференц-залында «Рухани жаңғыру: қазақстандық жол және Н.Назарбаевтың моделі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
Конференция форматы қазіргі заманғы ең өзекті тарихи, әлеуметтік-экономикалық, философиялық, мәдениеттану және әлеуметтік мәселелер бойынша пікірталас ретінде болжанады.
Конференцияға Франциядан, Қазақстаннан, Ресейден, Италиядан, Испаниядан, Қытайдан, АҚШ-тан жетекші ғалымдар (80-нен астам қатысушылар) қатысады: олардың қатарында Сүлейменов Олжас (Қазақстан); Әуезов Мұрат (Қазақстан); Чжан Синлань (Қытай ұлттық мәдениет және өнер қорының бас хатшысы); Доминик Аршамбо (Сорбонна университетінің профессоры, Франция), Мациевский Игорь (Ресей) және көптеген танымал ғалымдар бар.
Конференция сарапшысы ретінде қоғам қайраткерлері, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, философтар, әр елдің жазушылары шақырылған.
Конференция жұмысы төрт негізгі сессиялар бойынша қалыптастырылған: «Әлемдік тәжірибе контексінде Н. Назарбаевтың ұлттың рухани жаңару моделі»; «Мәдени мұра – бірегейлік өзегі»; «Қоғамдық шоғырлану халықаралық тұрақтылықтың өзекті ресурсы ретінде»; «Мәдени жақындастық – қоғамда диалог пен бейбітшілік құру негізі».
Конференцияны өткізу уақыты — 15.00-18.00 сағ.

Осы күні UNESCO Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енген Қазақстанның айрықша ескерткіштерінің фотосуреттерінен тұратын «Қазақстан – Астана» фото көрмесі ұсынылатын болады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының тұсаукесері. Қабырғаларда туған жер, 100 жаңа тұлға, Қазақстанның киелі жерлер географиясы, жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет, латын әліпбиіне көшу тақырыбында кіші бағдарламалар ұсынылады.
Экспозициясына Қазақстанның атақты ақындары мен жазушыларының кітаптары енген қазақстандық ақындар мен жазушылар кітаптарының тұсаукесері.
Көрме: Көшпенділер әлемі: Алтын адам шеруі. Әлемге әйгілі «Алтын адам» экспонатын қайта қалпына келтіру.
Көрме: Қазақстандық суретшілер жауһарлары. Қазақстанда және одан тыс жерлерде танымал қазақстандық суретшілер шығармалары ұсынылады.
«Қазақстанның киелі жерлері» картасының тұсаукесері. Проектор көмегімен ЮНЕСКО бүкіләлемдік мәдени мұрасы тізіміне енген объектілерімен қоса, Қазақстанның киелі жерлері географиясы картасының тұсаукесері.
Бағдарламаның тұсаукесері кезінде Қазақстан және Астана қаласы туралы айрықша деректі фильмдердің көрсетілімі өтеді.
Көрмені өткізу уақыты — 18.00-19.00 сағ.

Н .Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының тұсаукесерінің бірінші жұмыс күнін Бекболат Тілеухан, Майра Мұхамедқызы, Димаш Құдайберген, Еділ Құсайынов, «Астана Балет» театрының артистері, «Астана Опера» МОБТ-ның солистері, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің ұжымы секілді Қазақстанның өнер шеберлерінің, сондай-ақ Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры бірігіп өткізген «Балалар Әлем ырғағында» ІІ Фестивалінің жеңімпаздарының қатысуымен Гала-концерт аяқтайды.
Гала -концертті өткізу уақыты — 19.00 сағ. 20-00 сағ.

«Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» жобасының екінші күні — 2017 жылғы 18 қазанда Espace Pierre Cardin (Theatre de la Ville) сахнасында — Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің «Астана Опера» МАОБТ солистерінің қатысуымен «Ұлы Дала сазы» атты айрықша концерті өтеді.
Концертті өткізу уақыты — 22.00 сағ.

Жобаның қорытынды үшінші күні – 2017 жылғы 19 қазанда Theatre de la Ville сахнасында «Astana Ballet» труппасының – «Salle pleyel» концерттік бағдарламасының тұсаукесері өтеді.
Концертті өткізу күні — 19.00 сағ.