
21.10.2016 | |
Орал | |
Қазақ драма театры | |
Google Map |
Үстіміздегі жылдың 21 қазан күні сағат 11.00-де қаламыздағы Дина Құрманғазы мен Ж.Молдағалиев көшелерінің қиылысында күй атасы Құрманғазының, күй анасы Динаның композициялық ескерткіші ашылады деп күтілуде. Арнайы ескерткіштің ашылу шарасына еліміздің белгілі өнер қайраткерлері Орынбай Дүйсенов, Айтжан Тоқтаған, Айтқали Жайымов және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрінің директоры жерлесіміз Нұрғиса Дәуешов арнайы қонақ ретінде қатысып, театр актерларының шағын театрландырылған көрініспен көркемделетін болады.
Аталмыш ескерткіштің ашылу шарасы щеңберінде 21 қазан күні сағат 17.00-де облысымызда алғашқы рет қазақ драма театры сахнасында өтетін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрі, Атырау облысынан Дина Нүрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптары оркестрі және Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрлерінің біріккен «Күй дүлдүлдерінің дүбүрі» атты концертін тамашалауға шақырамыз.
Концертке кіру тегін.