2000 жылдан бастап қазіргі уақытта Сәдуақасқызы Асыл бірінші санаттағы домбыра-прима тобының концертмейстер орынбасары міндетін жалғастыруда.
Сәдуақасқызы Асыл 1977жылы 22 қаңтарда Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген.
1992-1996ж. аралығында Қызылорда музыкалық училищесінде домбыра-прима класы бойынша білім алған.
1995 Жас орындаушылар конкурсының лауреаты.
1996-2001 ж. аралығы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясында оқыды.
1998 Шабыт фестивальiнiң лауреаты және 4шi Халықаралық Құрманғазы атындағы конкурстың лауреаты.
2000 жылдан осы уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Ұлттық халық аспаптары оркестірінің әртісі ретінде қызмет атқарып келеді.
2009 Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасы, 2019 Мәдениет саласының үздігі төс белгісімен марапатталды.