🔔🔈19 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 90 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық деңгейдегі «Сарыарқа» атты концертін өткізеді.
🎵🪄Кештің арнайы қонақтары: Өзбекстанның халық артисі Фарух Садыков, Қырғызстанның халық артисі Бақыт Тілегенов, Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Закирбек Дуйшенбекұлы.
🎶Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Секен Тұрысбеков, Қазақстанның халық артистері Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, Айгүл Үлкенбаева, Рамазан Стамғазиев, Талғат Күзембаев, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Асхат Үрпеков, Айдос Жабағин, Төлеген Рахымбаев өнер көрсетеді.
🏛️Оркестр ғимараты фойесінде оркестр тарихынан сыр шертетін фотозона және аты аңызға айналған ұлы күйшілердің домбыраларынан арнайы көрме ұсынылады.
🎆20 сәуір күні ҚР Ұлттық кітапханасында оркестрдің өнер қайраткерлерімен және облыстық оркестрлердің бас дирижерлерімен дөңгелек үстөл және оркестр ғимаратында дирижерлер шеруі өтеді.