2022 жылдан бастап казірге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде әртіс ретінде қызмет етіп келеді
Сеитмуханбет Марат 1987 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1994 жылы Қарағанды қаласында №21 орта мектебіне бірінші сыныпқа барды.
1997 жылы А.Жұбанов дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына ұрмалы аспап сыныбына оқуға қабылданған.
Білімін 2002 жылы П. Чайковский атындағы музыка колледжінде жалғастырды.
2007 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға қабылданып, эстрада артиси мамандығын алып шықты.
2022 жылдан күні бүгінге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестінде қызмет атқарып келеді.
Республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаты.