🪐29 наурыз күні сағат 19.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі «Вальс кеші» атты концерттік бағдарламасын ұсынады.
🔥Кеште ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексенұлы, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары Тахауи Рахметов және Мадина Ерланова өнер көрсетеді.
✨🎼«Вальс кеші» — классикалық шығармалардың жауһар жинағынан көктемгі жылы көңіл күй сыйлайтын мерекелік кеш. Концертте әлемдік және отандық танымал классик композиторлардың шығармалары орындалады.
📍Көркемдік жетекші: Батыржан Мықтыбаев
📍Бас дирижер: Абылай Тілепберген
📍Дирижерлер: Жексен Айсын, Нарын Қажығали