Ел ертеңі мен үміті — балғын бөбектердің бүгінгідей бейбіт күнде ұйқысы тыныш, күлкісі шат, болашағы жарқын, келешегі кемел болсын деп тілейміз!
1 маусым балаларды қорғау мерекесіне орай бүгін Құрманғазы оркестінің шағын құрамы № 148 мектеп-гимназиясының оқушыларына қуаныш пен шаттықты сыйлап, мерекелік концерт ұсынды.
Әр шаңырақтың қызығы мен қуанышына айналған балалар әрдайым аман болсын!
Ізгі ниетпен, Құрманғазы оркестрінің ұжымы