Бүгін Құрманғазы оркестрінің ғимаратында виртуоз-скрипкашы Марат Бисенғалиев пен Құрманғазы оркестрінің бірлескен премьерасы сәтті өтті.
Ерекше музыкалық жобада тоқсан жылдық тарихы бар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Бирмингем консерваториясының профессоры Марат Бисенғалиев, Үндістандағы SOI симфониялық оркестр оқушысы, NCPA академиясының тәрбиеленушісі Аяан Дэшпанде өнер көрсетті.
Әлемдік классиканың шедеврлерін тарту еткен Марат Бисенғалиев Құрманғазы оркестрімен бірге Алматы шаһарын нәзік үнмен тербетті.