Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің
кезекті концерттік маусымының жабылуы!
2022 ж. маусым айының 14-щі жұлдызында сағат 19.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің «Сағыныш сазы» атты концерті өтеді. Концерт еліміздің көрнекті композиторы, Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Кенжебек Күмісбековтың 95-жылдығына орай ұйымдастырылуда.
Оркестірдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Абылай Тілепберген. Дирижерлар — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жексен Айсын, Нарын Қажығали.
Концертте Кенжебек Күмісбековтің күйлері мен оркестрге арналған поэмалары орындалады. Бұлардың қатарында «Биші қайың» (күй), «Фараби сазы» (күй-поэма), «Шалқыма» шығармаларымен катар «Жастық шақ» сюитасының соңғы бөлімі «Вальс» туындылары бар.