Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!
Бүгін ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММ-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің ұйымдастырумен өткелі отырған Республикалық “Шертпе күй” дәстүрлі музыкалық фестиваліне байланысты Баспасөз конференциясы өтті.
Конференция спикерлері: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті төрағаның орынбасары Данияр Алиев, “Қазақ Ұлттық өнер униерситеті” РММ профессоры, күйші Жанғали Жүзбаев,Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев.
Конференция барысында, “Шертпе күй” фестивалі аясында ұйымдастырылған конкурстың мақсаты, кімдер қатыса алатыны, қазылар алқасының құрамы мен фестивальдің өту барысы таныстырылды.
Сонымен қатар Ұйымдастыру Комитетінің мүшелері БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.