2015 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінде әртіс қызметін жалғастыруда.
Балтина Шынар Еркебекқызы 1992 жылы 6 қыркүйекте Қарағанды облысында дүниеге келген. 2000 жылы Қарағанды облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық мектепке, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғ.Ә.Болтаеваның сыныбына түсті. 2011 жылы «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін» прима қобыз мамандығы бойынша үздік бітірді, сол жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына, ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор М.К.Каленбаеваның сыныбына алынды. 2015 жылы аталған оқу орнының «бакалавр» дәрежесін қызыл дипломмен аяқтап, Құрманғазы атындағы ҚҰК магистратурасына оқуға түсті. 2017 жылы «Прима қобыз аспабы шығармаларындағы дәстүрлі әдістер» атты тақырыпта магистерлік диссертация қорғады.
2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде еңбек етуде. 2018 жылы арнайы комиссияның шешімімен конкурс негізінде, ол ІІ-ші қобыз концертмейстерінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Шынар Балтина – «Прима қобыз» номинациясы бойынша республикалық байқаулардың лауреаты және де еліміздің мәдени шараларына белсенді түрде қатысады. Жас музыкант концерттік топпен бірге Қазақстан мен шет елдерге (Шанхай, Франция, Испания, Ресей, Өзбекстан) гастрольдік сапарларға шықты. 2015 жылы алғашқы жеке концертін Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның камералық залында берді, сонымен қатар, оркестр құрамында ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу мен жабылу салтанытына арналған концерттеріне қатысты. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында ұйымдастырылған Құрманғазы оркестрінің «Ұлы дала әуендері» (Франция, Париж, ЮНЕСКО штабы, 2017ж.), Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына арналған концертте (Ташкент, 2017ж.), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концертте (Испания, Мадрид, 2018ж.) өнер көрсетті. 2020 жылы ол онлайн-концерттерге белсенділік танытты және жеке онлайн-концертін де берді.(https://www.youtube.com/watch?v=IOSxxdlQjao&t=145s)
Жетістіктер тізімі:
№ | Байқаудың атауы | Номинация | Марапат |
1 | Музыкалық колледж студенттерінің ХХІХ Республикалық байқауы Көкшетау қ. | «Прима қобыз» | Сертификат 2008ж. |
2 | Қазақстанның V Ұлттық жастар Дельфий ойындары
Қарағанды қ. |
«Ұлт аспаптары» | ІІ орын – күміс медаль 2009ж. |
3 | Музыкалық колледж студенттерінің ХХХІ Республикалық байқауы Алматы қ. | «Прима қобыз» | ІІ орын
2010ж. |
4 | Республикалық музыкалық олимпиада. Құрманғазы атындағы ҚҰК. Алматы қ. | «Прима қобыз» | І орын
2011ж. |
5 | «ХХІ ғасыр – гуманизм кезеңі»
ғылыми-теориялық конференция Алматы қ. |
«Дәстүрлі музыка өнері» | Сертификат
2012ж. |
6 | Тәттімбет атындағы V Республикалық байқауы Қарағанды қ. | «Прима қобыз» | ІІІ орын
2013ж. |
7 | ҚР Кіші академия ғылымы ХL Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Алматы қ. | «Өнертану» | IІ дәрежелі Диплом
2014ж. |
8 | IV Республикалық студенттік олимпиада
Алматы қ. |
«Фортепиано» | III дәрежелі Диплом
2013ж. |
9 | VРеспубликалық студенттік олимпиада
Алматы қ. |
«Прима қобыз» | II дәрежелі Диплом
2014ж. |
10 | «Ғылым мен технологияны басқарудың соңғы тенденциялары»
ІІ Халықаралық конференция Лондон қ. (Ұлыбритания) |
«Өнертану» | Сертификат
2014ж. |
11 | «Полет мыслей»
І Халықаралық олимпиада Ресей,Таганрог қ. |
«Өнертану» | Лауреат
2014ж.
|
12 | «Дәстүрлі музыкалық мәдениет: өткені мен бүгіні» 2 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Алматы қ. |
«Дәстүрлі өнер» | Сертификат
2015ж.
|
13 | Құрманғазы Сағырбайұлына арналған ұлт аспаптар оркестрінің халықаралық фестивалі
Атырау қ. |
«Дәстүрлі өнер» | Сертификат
2018ж.
|