Жұма, 3 Ақпан, 2023
  • Байланыс
Қазақша
Русский
English
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі
  • Басты бет
  • Оркестр туралы
    • Басшылық
    • Директордың блогы
    • Бас дирижер
    • Мемлекеттік сатып алу жоспары
  • Фестивальдар мен конкурстар
  • Репертуар
  • Афиша
  • Оркестр ұжымы
    • Бас домбыра тобы
    • 1-ші домбыра тобы
    • 2-ші домбыра тобы
    • Домбыра контрабас тобы
    • Бас қобыз тобы
    • 1-ші қобыз тобы
    • 2-ші қобыз тобы
    • Қобыз контрабас тобы
    • Альт-қобыз тобы
    • Қыл-қобыз тобы
    • Баян тобы
    • Гобой тобы
    • 1-ші прима тобы
    • 2-ші прима тобы
    • Шертер тобы
    • Ұрмалы аспаптар тобы
  • Жаңалықтар
  • Біздің концерттер
  • Галерея
  • Байланыстар
  • Адалдық алаңы
No Result
View All Result
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Абайдан — аманат»: Құрманғазы оркестрі мен Мүсірепов театрының концерт-спектаклі

«Абайдан — аманат»: Құрманғазы оркестрі мен Мүсірепов театрының концерт-спектаклі

Биыл туғанына 175 жыл толған қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының  мерейтойын лайықты атап өту басты міндетіміз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Республика көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар жоспарланып жүзеге асты.

Соның бірі Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен сахналанған «Абайдан аманат» концерт спектаклі. Бүгін Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі мен Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының бірлескен жобасы «Абайдан аманат» концерт-спектаклінің онлайн түсірілімі театр сахнасында өтті. Концерттің телевизиялық жобасын түсірген «Abai.tv» арнасы.

Өнер саласында болмаған тың жоба – Құрманғазы оркестрінің басқа концерттерінен өзгеше, өйткені атаулы жобаға театр актерлері де өз үлестерін қосып, концерт спектакльді әсерлендіре түскен. Абай әндері мен күйлеріне, жыр жолдарына құрылған жоба бір сәтке Абай әлеміне енуге мүмкіндік береді.

Данияр Базарқұлов: (Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, жобаның режиссері)

  • Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен Құрманғазы атындағы оркестрі және Ғ.Мүсірепов атындағы театрмен бірлескен «Абайдан аманат» жобасын жасап жатырмыз. Бұл іс-шара тікелей Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына арналады. Абай атамызға тағзым, жастарға аманат ретінде сахналанып отыр. Концерт-спектакльдің жанрын – Абайға фантазия деп қойдым. Себебі өзіміздің көзімізбен Абайды қалай көреміз, соны сахнаға шығаруға тырыстым. Яғни Абайға бала көзімен қарау. Алғашқы сахнада бала сахнаға шығып Абайдың өлеңін оқиды. Сол сәтте Абай әлеміне қиял-ғажайып арқылы еніп кетеді. Концерт-спектакль сонысымен ерекше. Келесі сахна жас Абайдың шабыттанған кезі, Тоғжанға ғашық болған сәтіне ауысады. Ғашығымен кездесуі, оған ән арнауы мұның бәрі режиссерлік фантазия. Одан кейін әжесі Зереге еркелеуі, оны жақсы көруі, әжесінің Абайға деген махаббаты көрсетіледі. Және де Абайдың Біржан салмен кездескен сәтін осы концерт-спектакльден көруге болады.

Медет Қуанышев: (Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры)

  • Мемлекет басшысының жарлығымен биылғы жылдың «Абай жылы» деп жарияланғанын білесіздер. Осы орайда ҚР Мәдениет және спорт министлігінің қолдауымен екі өнер ұжымы «Абайдан-аманат» қойылымын сахнаға шығарды. Қойылым телевизиялық жобасын «Abai.tv» арнасы түсіріп жатыр. Концерт-спектальде Абайдың бала кезінен қартайған сәтіне дейін көрсетіледі. Қойылымды Құрманғазы оркестрі жанды дыбыспен сүйемелдейді. Дирижер, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері, Мемлекетік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілерберген. Телевизиялық түсірілімді жақын арада «Abai.tv» арнасынан көрермен қауымға онлайн форматта ұсынамыз. Сонымен қатар, екі өнер ұжымының әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы көрсетіледі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтып өткен болатын. Осы орайда Абай мұрасының, Абай шығармашылығының тигізер үлесі зор деп есептеймін. Сондықтан «Абайдан аманат» концерт-спекталінің маңызы ерекше болмақ.

Құрманғазы оркестрінің баспасөз қызметі

ТАҢДАУЛЫ

Галерея

Шәмші Қалдаяқов әндерінің Халықаралық фестивалі

3 года бұрын
Галерея

Өмірім өнермен өрнектелген

3 года бұрын
Галерея

Баба мұрасы

3 года бұрын
Галерея

Құрманғазы оркестріне 85 жыл, Алматы қаласы

3 года бұрын
Еркін елім
Галерея

Еркін елім

3 года бұрын
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі

Мекен-жайымыз: Алматы қ.ы, Абылай хан даңғылы 83
Қабылдау бөлімі: +7 (727) 279 02 30
Билеттерге тапсырыс беру: +7 (727) 279 02 30
Касса: +7 (727) 279 02 30
Email: orkestrkurmangaz@mail.ru

ОРКЕСТР ТУРАЛЫ

  • Басшылық
  • Оркестр ұжымы
  • Директордың блогы
  • Мемлекеттік сатып алу жоспары
  • Байланыстар
  • Шекті домбыра
  • Қобыз-1
  • Қобыз-2
  • Флейта
  • Шертер
  • Қыл-қобыз
  • Ұрмалы аспаптар
  • Біздің концерттер
  • Репертуар
  • БАҚ біз туралы
  • Жаңалықтар
  • Галерея

© 2021. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Оркестр туралы
    • Басшылық
    • Директордың блогы
    • Бас дирижер
    • Мемлекеттік сатып алу жоспары
  • Фестивальдар мен конкурстар
  • Репертуар
  • Афиша
  • Оркестр ұжымы
    • Бас домбыра тобы
    • 1-ші домбыра тобы
    • 2-ші домбыра тобы
    • Домбыра контрабас тобы
    • Бас қобыз тобы
    • 1-ші қобыз тобы
    • 2-ші қобыз тобы
    • Қобыз контрабас тобы
    • Альт-қобыз тобы
    • Қыл-қобыз тобы
    • Баян тобы
    • Гобой тобы
    • 1-ші прима тобы
    • 2-ші прима тобы
    • Шертер тобы
    • Ұрмалы аспаптар тобы
  • Жаңалықтар
  • Біздің концерттер
  • Галерея
  • Байланыстар
  • Адалдық алаңы

© 2021. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі.