1989 жылдан бері Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестр құрамында домбырашы қызметін атқарып келеді.
Алияров Дәурен Төлендіұлы 1969 жылы 28 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Алтын-Төбе ауылында дүниеге келген.
1985 Шымкент музыка училищесіне оқуға түсіп, 1989 жылы училищені үздік бітірді.
1989-1994 жылы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияны екі мамандық бойынша (концерттік орындаушы, оқытушы) бітіріп шықты. Бас домбыра мамандығы бойынша профессор Е.Басығараев класынан бітірді.
1989 жылдан бері Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестр құрамында домбырашы қызметін атқарып келеді.
1989 жылдан бері А.Жұбанов атындағы арнауылы музыка мектебінде иллюстратор, Ықылас атындағы халық аспаптар музейінің ансамблінде қызмет атқарды.
2009 жылы Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің 75 жылдығына орай «ҚР мәдениет қайраткері атағына» ие болды.