18 желтоқсан күні Құрманғазы оркестрінің ғимаратында Балалар жылы аясында «Almaty Symphony Orchestra» мен «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» ұйымдастырған бүлдіршіндер мен сәбилерге арналған жаңа жылдық концерт өтті.
Концерт барысында еліміздегі алдыңғы қатарлы симфониялық және халық аспаптар оркестрінің бірлескен ғажайыпқа толы концерттік кешінде аты аңызға айналған композиторлардың танымал туындылары көрермен назарына ұсынылды.
Жаңа жылдық кеште бүлдіршіндер мен келген қонақтар классикалық аспаптармен қатар, музыкалық халық аспаптарымен танысты.