Басшылық

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

КУАНЫШЕВ МЕДЕТ ЕРМЕКҚАЛИҰЛЫ

1983 жылы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Т. Масин ауылында туған. Білімі жоғары.

Еңбек жолын 2001-2015 жылдары Орал қаласындағы  «БҚО мәдениет басқармасының қалалық мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК, Қалалық үрмелі оркестр әртісі болып бастап,                    2004-2007  Орал қаласындағы ҚР Ішкі Істер министрлігінің №5517 әскери бөлімінде Аға музыкант                                (жеке орындаушының көмекшісі) қызметін атқарды.

2007 — 2009  Орал қаласындағы БҚО мәдениет басқармасының жастар мәдениет үйі» МКҚК, Қалалық әуенді аспаптар ансамблінің артисі,  БҚО білім басқармасының Құрманғазы атындағы саз колледжі» МКҚК, Оркестрлік аспаптар бөлімінің оқытушысы болды.

2013 жылы қыркүйекте БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облыстық Камералық оркестрі»  МКҚК директордың орынбасары,  2015 жылы  Алматы қаласындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрманғазы атындағы    Қазақ    мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» РМҚК менеджері болды.

2016  жылы «БҚО әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК  директоры болып тағайындалды.

2016-2019 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облыстық  камералық  оркестрі» МКҚК директоры қызметін атқарды.

2019 жылдың  қыркүйек айында  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрманғазы  атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі РМҚК директордың орынбасары, 2021 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрманғазы  атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі РМҚК директоры болып қызметін атқарып келеді.

Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ

ДИРЕКТОРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

АХМЕТОВ АЛТЫНБЕК ҚОЯНБЕКҰЛЫ

1977 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған.  1997 жылы Шымкент музыкалық колледжін «Контрабас» класы бойынша тәмамдады. 2002 жылы Құрманғазы атындағы  Қазақ ұлттық консерваторясының  камералық  оркестрнің артисі және жеке орындаушысы болды.

Еңбек жолын 2002 жылдың сәуір айында  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрманғазы  атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі РМҚК артисі болып  бастады.

2013 жылы І. Жансүгіров атындағы №130 гимназияның домбыра класының жетекшісі қызметін атқарды.  2015 жылы  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрманғазы  атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі РМҚК артисі болды.

2018- 2021  жылдары аралығында  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрманғазы  атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі РМҚК инспекторы қызметін атқарды.

2021 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрманғазы  атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі РМҚК  директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары  болып қызмет атқарып келеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен мараппаталған.

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ

ДИРЕКТОРДЫҢ ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

ТАСБОЛАТҰЛЫ ДАНИЯР

1986 жылы  29 сәуірде Алматы облысы,Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылында туған.  Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясында «Инженер» мамандығы бойынша білім алды.  Еңбек жолын 2009 жылы  Алматыпромвентилясында слесарь қызметінен бастаған.  2010 жылы «Ритц Палас» ЖШС желдетуші техник қызметін атқарды.

2010-2019 жылдары аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінде бас инженер қызметін атқарып, 2020 жылы Инженерлік-шаруашылық бөлімінің жетекшісі болды.   2021 жылдан бүгінгі күнге дейін   ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрманғазы  атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі РМҚК  директорының әкімшілік және шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  «Құрмет» грамотасымен марапатталған.