2019 жылдан бастап Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде домбыра-тенор артисі.
1988 жылы 11 мамырда Ақтөбе облысында дүниеге келген.
1994-2005 жылдар аралығында Кенжебек Мендалиев атындағы жалпы білім беру және өнер мектебін тәмамдаған.
2005-2009 жж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Мәдениет және өнер» институтының «Дәстүрлі өнер» кафедрасында ҚР Мәдениет саласының үздігі Еркін Шаяхметұлы Нұрымбетовтан дәріс алған.
2006 жылдан БҚО Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестрының домбыра-тенор артисі, 2013 жылдан облыстық камералық оркестрының және 2018 жылдан Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінде қызмет атқарған.
2019 жылдан бастап Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде домбыра-тенор артисі.
2018 жылы БҚО бойынша мәдениет және спорт салалық кәсіподақ ұйымының «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегері:
Республикалық «Өнерге қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері.