Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.
Бүгін Құрманғазы оркестрінің концерт залында Ұлттық оркестрдің «Махаббат – мәңгі ертегі» атты мерекелік концерті өтті.
Нәзіктік пен махаббатқа толы кеште қазақ эстрадасының жұлдыздары Қазыбек Құрайыш, Азамат Бекбергенов, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары Тахауи Рахметов, Жадыра Аманова, Динара Нұрбай және құммен сурет салу өнерінің шебері Анастасия Скепко өнер көрсетті.
Сондай-ақ, концерт барысында Мәдениет саласының үздіктері Бейбарыс Хамзин, Әсел Жылқышынова, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Сатжан Шаменов, Әсел Рақымжанның жеке орындауында тамаша туындылар ұсынылды.
Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.
Ендеше, барша ғашықтарды «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Махаббаттарыңыз баянды болсын