2023 жылдың 14 сәуір күні сағат 19.00-де Құрманғазы оркестрінің концерт залында Ұлттық оркестрдің «Махаббат – мәңгі ертегі» атты мерекелік концерті өтеді.
Кеш қонақтары: Қазақ эстрадасының жұлдыздары Қазыбек Құрайыш, Азамат Бекбергенов. Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары Тахауи Рахметов, Жадыра Аманова, Анастасия Скепко, Динара Нұрбай.
Жеке орындаушылар: Мәдениет саласының үздіктері Бейбарыс Хамзин, Әсел Жылқышынова, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Сатжан Шаменов, Әсел Рақымжан.
Концерттік бағдарламада оркестр репертуарындағы ең таңдаулы шығармалар орындалады.