ҰЛТТЫҚ АСПАПҚА ҚҰРМЕТ
⚜️ Домбыра – көненің көзі, бабадан қалған асыл мұра. Ол – құнды қазына, ұлттық рух.
⚜️ Осы орайда, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің келер жылғы 90 жылдық мерейтойына орай оркестр домбырашыларына 20 домбыра дайындап сыйға тартқан “Freedom Holding Corp” компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Русланұлы Турлов және ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаевқа
шынайы алғысымызбен құрметімізді жеткіземіз.
⚜️ Халқымыздың қадір тұтып, төрге ілген киелі аспабын құрметтеу, қадірлеу біздің басты парызымыз.