2005 жылдан бастап бүгінге дейін Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде еңбек етіп келеді.
1964 жылы 1 маусымда Қызылорда облысы, Жіңішкеқұм елдімекенінде дүниеге келген.
1979 жылы Арал қаласындағы мәдениет үйіне жұмысқа қабылданды.
1983 жылы Қызылорда қаласындағы музыкалық училищеге екі жылдық дайындық курсына Л.Р.Шуженованың қобыз-прима аспабы класына қабылданды. 1984жылы Жезқазған қаласының музыкалық училищесіне 2 курсына ауысқан.
1987 жылы музкалық училищені бітіріп, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консервоториясына оқуға түсті.
1990-1997жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің артисі болып қызмет жасады.
1997 жылы Тараз қаласында «Глинка» атындағы музыкалық мектепте, кейінірек Абай атындағы гумманитарлық колледжінде қобыз класында дәріс берген.
2005 жылдан бастап бүгінге дейін Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде еңбек етіп келеді.