Оркестр туралы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Қазақстанның аспаптық музыкалық өнер тарихында бірегей әрі  тұңғыш оркестр.

Бұл оркестрдің тарихи тамыры 1934 жылдың 23 сәуір күнінің ҚазССР Ағарту халкомы №425 бұйрығы бойынша Ахмет Жұбанов оркестрдің дирижері мен көркем жетекшісі болып тағайындалған кезден бастау алады.

Халық аспаптары оркестрінің құрылуы

Домбыра ансамблі 1934 жылдың 1 маусымында халық өнерінің қайраткерлерімен бірге өткізілген 1 Бүкілқазақстандық слетінде өзінің бірінші өнер жолын бастады.

Бұл слеттің нәтижесі бойынша мынадай Қаулы қабылданды: «Ағарту халкомы халық өнерінің бірінші слетіне қатысқан қайраткерлерден колхоз, совхоз және өндірістік қауымдастықтарға қызмет етуде ұлттық аспаптармен ұлттық оркестр құрылсын. Оркестрдің еңбекақысын мемлекеттік бюджетке енгізу».

Бұл Қаулыға жауап ретінде, республика Ағарту халкомы 1934 жылдың 25 маусымында №220 Жарлық шығарды: «25 маусымнан бастап музыкалық-драмалық техникумында КазОАК атындағы 1-ші қазақ ұлттық оркестр құрылды деп саналсын».

Оркестрдің триумфальды қойылымдары 1936 және 1958 жылдары КСРО Союзының Үлкен театрында 2-ші қазақ өнерінің онкүндігінің қорытынды концертінде, 2006 жылы оркестрдің негізін салған Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойына арналған Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінің Үлкен Залында, Европа, Америка, Қытай Халық Республикасы, Қазақстан және БҰҰ елдерінің ірі қалаларында болған гастрольдік концерттерде болып өтті.

1953 жылы Бухарестте (Румыниялық халықтық республика) Шамғон Қажығалиевтың жетекшілігімен бұл оркестр демократиялық жастар және студенттердің Бүкіләлімдік IV фестивалінің лауреаты атанды және алтын медальмен марапатталды.

 

Оркестрдің жоғары орындаушылық шеберлігі тыңдарман қауымның сүйіспеншілігін тудырып, оларды халқымыздың бай музыкалық мұраларымен, отандық және әлемнік классикалық озық музыка үлгілерімен сусындатып келеді. Әлемнің 80 жуық елін шарлап, (Франция, Италия, Финляндия, Чехославакия, Венгрия, Польша, Румыния, Болгария, Португалия, Дания, Швеция, Қытай, Түркия т.б) қазақтың ұлттық музыка өнерінің мәртебесін жоғары ұстап, абырой-даңқын дүние жүзіне танытты.

Қазіргі таңда әйгілі оркестр ұжымында 81 өнерлі музыканттар еңбек етуде, солардың ішінде жас өнерлі дирижер Абылай Тілепберген, олардың әрқайсысы біздің Қазақстанымызды әр түрлі сайыстарда көрсете алатын дәрежеде.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты – Республика  бойынша,  таяу және алыс шет елдерде музыка өнері саласындағы мемлекеттік мәдениет саясатын тәжірибелік іске асыруға бағытталған концерттік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Оркестрдің репертуарлық қорында 5000-нан аса туындылар бар.  Құрылған алғашқы күнінен бастап күні бүгінге дейін оркестр ұжымы қаншама ұлттық және әлемнің классикалық шығармаларын үлкен шеберлікпен орындап келеді. Мәселен: Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Сүгір, Дәулеткерей, Глинка, Шуберт, Чайковский, Моцарт, Бетховен т.б

Қазақ музыкалық Олимпінің шыңында тұрған әйгілі күйші Құрманғазы атындағы біздің ұлы Оркестр әрқашан белгілі ата-бабаларымыздың тарихи тамырларын ұмытпай, салт-дәстүрін жалғастыра отырып жаңа өнерлі жетістіктерге жетуге мүмкіндіктерінің бар екендігін көрсетеді.

Әр жылдары оркестр құрамында қазақ өнерінің әйгілі музыканттары – оркестр шежіресінде есімдері алтын әріптермен жазылған орындаушылар мен дирижерлар еңбек етті.

Солардың қатарында: Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Фуат Мансуров, Лұқпан Мұхитов, Оқап Қабығожин, Қали Жантілеуов, Махамбет пен Науша Бөкейхановтар, Жаппас Қаламбаев, Шамғон Қажығалиев, Роза Бағланова, Нұрғиса Тілендиев, Қаршыға Ахмедияров, Тұяқберді Шәмелов, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев,  т.б өнер иелері бар.

 

Солардың ішінде ерекше орынға, күмәнсіз, Оркестрдің ұйымдастырушысы, бірінші көркем жетекшісі, басты дирижері —  Қазақстанның халық артисті, композиторы, академик, профессоры Ахмет Қуанұлы Жұбанов ие. Оның дирижерлік орнын басқан КСРО халық артисі, мемлекеттік премиялардың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, профессор Шамғон Қажығалиев болды.

1944 жылы құрылғаны 10 жыл толуына орай оркестрге әйгілі күйші Құрманғазы аты берілді, 1967 жылы – «ҚР еңбек сіңірген ұжымы» құрметті атақ берілді, 1978 жылы – Академиялық оркестр,  ал 1984 жылы Оркестр «Халық достығы» орденімен марапатталды.

Ұлы оркестр ансамблі Президент Н.Назарбаевтың жолдауында жарияланған «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін композицияны қосу және орындау, сондай-ақ ұлттық өнер мен мәдениетті дамыту репертуарында белсенді жұмыс істейді.

Ұлы оркестр ансамблі Президент Н.Назарбаевтың жолдауында жарияланған «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін композицияны қосу және орындау, сондай-ақ ұлттық өнер мен мәдениетті дамыту репертуарында белсенді жұмыс істейді.

Ұлы оркестр ансамблі Президент Н.Назарбаевтың жолдауында жарияланған «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін композицияны қосу және орындау, сондай-ақ ұлттық өнер мен мәдениетті дамыту репертуарында белсенді жұмыс істейді.

Slider