Оркестр әдебі

Құрметті көрермен!

Бүгінгі кешті Ұлттық оркестрмен өткізгендеріңізге алғыс білдіре отырып,  мәдени орын ережесін естен шығармауыңызды сұраймыз:

Дресс-код                          

 Мәдени орын әдемілікті, жинақылықты талап етеді. Мұнда сәнді, кешкі киіммен келген абзал.

Балалар үшін

Құрманғазы оркестрінің әртүрлі жастағы көрерменге есігі ашық. Дегенмен оркестр тәртібіне сай ғимаратқа 7 жасқа дейінгі балаларға кіруге рұқсат етілмейді.

Залдағы тәртіп

Залға концерт басталуға 15 минут қалғанда ғана кіруге болады.

Концерт уақытында телефонды «дыбыссыз» режимге қою қажет.

Шығарма орындалып жатқан кезде артистерге кедергі келтірмес үшін зал ішінде жүруге тыйым салынады. Тек шығарма аяқталған сәтте, сыртқа шығуға рұқсат.

Егер билетте көрсетілген орныңыз бос болмаса, тыныштық сақтап, жақын маңдағы бос орынға отырыңыз немесе билет тексерушіден көмек сұраңыз.

Көрермен залына сырт киіммен кіруге және бас киіммен отыруға болмайды.

Қатарлар арасынан арқаңызды сахнаға, ал жүзіңізді отырған көрерменге қарата өткен жөн.

Ғимарат ішінде темекі шекпеуіңізді және залға тағам, сусын алып кірмеуіңізді өтінеміз.

Концерт кезінде

Гүл шоқтарын ұсыну үшін концерт аяқталып артистердің шығатын сәтін күту қажет. Жеке орындаушылар мен дирижерларға, концертмейстерлерге де гүл шоқтары осы кезде ұсынылады.

Көрермен залынан үзіліс кезінде және концерт аяқталған соң ғана шығу керектігін еске саламыз.