Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай, Құрманғазы оркестрінің қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет» грамотасымен және арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
⠀
Атап айтар болсақ, Құрманғазы оркестрінің Бас дирижері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері АБЫЛАЙ ТІЛЕПБЕРГЕН, Құрманғазы оркестрінің әртісі, контрабас домбырашы ТАИР ТҰРЛЫБЕКОВ және Құрманғазы оркестрінің концерттік бөлімінің меңгерушісі АЙМАН УРАЗАЛИНА Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет» грамотасына ие болды.
Сонымен қатар, Құрманғазы оркестрінің әкімшілік бөлімінің қызметкерлері ДАНИЯР ТАСБОЛАТҰЛЫ мен БОЛАТ АЛМАСҰЛЫ министрдің алғыс хатымен марапатталды.
Құрманғазы оркестрі директорының орынбасары Медет Ермекқалиұлы қуаныш иелеріне арнайы марапаттарын табыстады.
Шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!