2005 жылы Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптары оркестріне қабылданған.
Қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінде II-ші домыра-прима тобының концертмейстерінің орынбасары ретінде қызмет етеді.
1984 жылы 27 наурызда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек селосында дүниеге келген.
1991-2002 жылдары Алматы қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінде домбыра-прима класында Болат Бимурзаевтан тәлім алған.
2002-2006 жылы Құрманғазы атындағы Ұлттық мемлекеттік консерваториясына домбыра-прима класы бойынша Зәмзәгүл Измұратқызының класына оқуға қабылданып, оқытушы, оркестр әртісі және жеке орындаушы мамандығын Өтепберген Хамзинның жетекшілігімен аяқтаған.
2003 ж. Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық Отырар Сазы этно-фольклорлық оркестріне концертмейстер қызметінде болған.