2001 жылдан Құрманғазы атындағы оркестр құрамында домбырашы болып қызмет атқаруда.
1979 жылы 4 сәуірде Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданында дүниеге келген.
1989-1996 жылдары Алматы қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебін бітірді.
1996-2001 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияда (оқытушы және оркестр әртісі) білім алған.
2001 жылдан Құрманғазы атындағы оркестр құрамында домбырашы болып қызмет атқаруда.
2004-2005 жылдар аралығында А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінде домбыра мамандығынан дәріс берді. Қазіргі кезде Күләш Байсейітова атындағы Республикалық музыка мектебінде домбыра класынан ұстаздық қызметте.
2009 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет Грамотасымен», 2016 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.
2016-2018 жылдарда Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» бөлімі бойынша магистр атанды.
Қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінде домбырашы қызметін жалғастыруда.