1991 жылы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестріне жұмысқа орналасты.
1966 жылы 8 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан Облысы, Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылында дүниеге келген.
1983 жылы Шымкент музыка училищесіне контробас класына түсті. 1989 жылы училищені аяқтап, осы жылы Алматы Мемлекеттік консервоториясына оқуға қабылданды.
1991 жылы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестріне жұмысқа орналасты.
1992 жылы Алматы мемлекеттік симфония оркестріне жұмысқа ауысты.
2004 жылы Абай атындағы опера және балет театрына қызметін ауыстырды. 2005 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде қызметте жүрді.
2007 жылдан бері біржола Құрманғазы оркестріне жұмысқа ауысты. Қазіргі уақытта осы оркестрде концертмейстер болып жұмыс істеуде.