1995 жылдан бастап, мәдениет министрінің бұйрығымен Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестріне қызмет етіп келеді
1961 жылы 2 наурызда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында дүниеге келген.
1979 жылы аудандық Мәдениет бөліміне автоклуб меңгерушісі болып орналасады.
1983 жылы Республикалық эстрада-цирк өнері студиясының күй класына қабылданды. 1985 жылы студияны аяқтап, мәдениет министрлігінің жолдамасымен Қазақконцерт гастроль бірлестіне домбырашы болып қалдырылды.Сол жылы П.И.Чайковский атындағы муз.училищеге сырттай оқуға түсті.
1995 жылы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының Халық аспаптары кафедрасына оқуға түсті.
1995 жылдан бастап, мәдениет министрінің бұйрығымен Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестріне қызметке ауысты.
2004 жылы ҚР Мәдениет қайраткері атағымен марапатталды. Қазіргі кезде Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде қызмет етуде.