31 наурыз сағат 18.00-де Құрманғазы оркестрінің ғимаратында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, күйші, композитор Қуаныш Жұмағалидің «Замана жыры» атты авторлық концерті өтеді.
Кеш қонақтары: ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Еркін Шүкіман, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары Баян Игілік, Ажар Еркебұланова, Айжан Бегендикова, Оразғали Сағитжанұлы, Жанабек Азамат және Димаш Ізім.
Сондай-ақ концертте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі де өнер көрсетеді.