2020 жылдан бастап казірге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде әртіс ретінде қызмет етіп келеді
Жылкышинова Асел Абилхаировна 06 тамыз 1980 Алматы обл Балпық би ауданы Мәмбет ауылында дүниеге келді. 1986 жылы 1-сыныпқа мектепке барған. 1988 жылы конкурстан өтіп, Алматыға Ахмет Жұбанов атындағы дарынды баларға арналған мектеп-интернатына оқуға түсті .
Виолончель аспабына Кенжебай Андарбаевтің сыныбына түсіп , 1994 жылы Андарбаев қайтыс болып Сапиолла Жакеевтің сыныбына ауысты.
1998 жылы мектепті бітіріп, Құрманғазы атындағы консерваторияға, профессор Жамбыл Күзенбаевтің классына түсті. Үшінші курсқа дейін оқып, оқудан шығып кеткен.
2000 жылы Құрманғазы атындағы Ұлттық аспабтар оркестіріне жұмысқа тұрды. Үлкен ұжымға кіріп, қазақ өнерін насихаттауға өз үлесімді қосып жүр. 2010 жылы 3-курстан бастап оқуымды жалғастырып 2012 ж аяқтады. 2011ж тұрмысқа шығып,2013 жылы тұңғыш қызы дүниеге келді. Әрі қарай өнерін жалғастырып, гастрольдерге шыға бастады.
2015 жылы ұстаз болып №83 гимназиясына виолончель сыныбын ашты. Қазірге дейін ұстаз болып келеді. 2017 жылы дүниеге екінші баласы келді.
2021 жылы Мәдениет саласының үздігі таңбасына ие болды. Қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Ұлттық аспаптар оркестірінде жұмысымды жалғастырып, бас домбырашылар тобына концертмейстері болып кызымет етеді.