Қайырлы күн, достар!
2023 жылдың 12-13 мамыр күндері Құрманғазы оркестрінің ғимаратында әлемге әйгілі скрипкашы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Марат Бисенғалиевтің алғаш рет Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрімен бірлескен эксклюзивті жобасы өтеді.
Қазақ музыкасындағы тың жобада жас музыкант, вундеркинд, пианист, Үндістандағы NCPA академиясының оқушысы Ayaan Deshpande өнер көрсетеді.
Марат Бисенғалиев – қазақтан шыққан әлемге әйгілі музыкант, скрипкашы, халықаралық конкурстардың лауреаты, дүниежүзілік мәдениеттің дамуына қосқан үлесі үшін алтын диск марапатының иегері.
Бүгінде Марат Бисенғалиев туралы британдық «The Times» және «The New York Times», американдық «Fanfare» журналдары жарыса жазуда.
Құрметті көрермен, жаңа бағыттағы концерттік кештен қапы қалмаңыздар!
Сұрақтар бойынша: +77753239517
+77777778989
+77073126666
Билеттерді тикетон сайтынан және оркестр кассасынан алуға болады