Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің мерейтойлық 90-шы маусымы кең көлемде аталып өтпек. Ұлттық домбыра күні мен халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығы қарсаңында оркестр бірқатар ауқымды қойылымдар жоспарлауда.
Оркестрдің репертуары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев пен бас дирижер Абылай Тілепберген айтып берді.
«Биылғы жылды біз Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығын мерекелеуден бастадық. Ұлттық және әлемдік классика туындылары, сондай-ақ музыка шебері, халық композиторы Құрманғазының үздік туындылары орындалған ауқымды концерт ұйымдастырылды. Әрбір ұйымдастырылған іс-шара Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығы мен ұлттық оркестрдің 90 жылдығын мерекелеу аясында өтуде», — деді М.Қуанышев.
Осы концерттік маусымды шығармашылық ұжым Италия қалалары бойынша «Көшпенділер әуені» (Көшпенділер әуені) атты гастрольдік тур барысында ашқанын атап өткен жөн.
«Біз 90-шы маусымды Римдегі (Италия) халықаралық гастрольдік концертімізбен аштық. Римнен басқа біз Неаполь мен Флоренция қалаларына бардық. Жергілікті көрермендер қазақ музыкасының ерекше дәміне тәнті болып, жылы лебіздері мен құттықтауларын білдірді», — деп толықтырды спикер.
Ұлттық домбыра күнінде (биыл 2 шілдеде атап өтіледі) оркестр республика астанасында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысады. Оркестр ұжымындағылар екі мерейтойды ескере отырып, арнайы қойылымдар дайындалатынын атап өтті.
«Биыл Домбыра күніне арналған концерттік бағдарлама Құрманғазы атындағы оркестр мен Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық оркестрінің қатысуымен өтеді. Көрермендер елімізде танымал дирижерлердің жетекшілігімен танымал әртістердің, соның ішінде Айтқали Жайымов, Дінзухра Тілендиева, Руслан Баймурзин және басқалардың өнерлерін тамашалай алады. Бағдарламаның басты ерекшеліктернінің бірі — солақай домбырашылардың өнер көрсетуі болады, өйткені әдетте бұл аспапта оң қолмен ойнайды. Сондай — ақ, Халық әртістері Секен Тұрысбеков, Ерлан Рысқали және Айгүл Қосанова өнер көрсетеді деп күтілуде», — деді оркестрдің бас дирижері Абылай Тілепберген.
Сонымен қатар, шығармашылық ұжым алғашқы ұлттық оркестрдің тарихын баяндайтын бірқатар бейнематериалдар мен кітап шығаруға ниетті.
«Біз оркестрдің ғасырлық тарихын әртүрлі бейнематериалдарда, кітап басылымдарында түсіріп, оркестрдің бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы жайлы айтып бергіміз келеді. Бастауында тұрған музыканттармен, дирижерлермен таныстырсақ дейміз. Қазіргі уақытта біз мұрағаттық материалдармен жұмыс істеп жатырмыз. Концерттік өмірден бос уақытты осы жұмысқа арнаймыз», — деді А. Тілепберген.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрін 1934 жылы академик Ахмет Жұбанов құрды. Ұжымда бүгінде 90-ға жуық музыкант бар, олардың репертуарында 4000 туынды бар.
“Мы планируем особенную программу на 90 концертный сезон” — коллектив оркестра им. Курмангазы
90-ый юбилейный сезон Казахского национального оркестра народных инструментов им. Курмангазы обещает быть весьма насыщенным. В преддверии Национального дня домбры и 205 летия народного композитора Курмангазы Сагырбайулы оркестром планируются ряд масштабных выступлений.
О репертуаре оркестра на брифинге Региональной службы коммуникаций рассказали директор Казахского национального оркестра народных инструментов имени Курмангазы Медет Куанышев и главный дирижер Абылай Тлепберген.
“Этот год мы начали с празднования 205-летия Курмангазы Сагырбайулы. Был организован масштабный концерт, на котором прозвучали произведения национальной и мировой классики, а также лучшие произведения мастера музыки, народного композитора Курмангазы. Каждое организованное мероприятие проходит в рамках празднования 205-летия Курмангазы Сагырбайулы и 90-летия Национального оркестра”, — рассказал М. Куанышев.
Стоит отметить, что нынешний концертный сезон творческий коллектив открыл в ходе гастрольного тура под названием «Көшпенділер әуені» (Мелодия кочевников) по городам Италии.
“Мы открыли 90-й сезон нашим международным гастрольным концертом в Риме (Италия). Помимо Рима мы посетили города Неаполь и Флоренцию. Местные зрители были впечатлены особым колоритом казахской музыки и высказали свои теплые пожелания и приветствия”, — добавил спикер.
В национальный день домбры (в этом году отмечается 2 июля) оркестр примет участие в мероприятиях, которые будут организованы в столице республики. Учитывая два юбилея будут подготовлены особенные выступления, отметили в коллективе оркестра.
“В этом году концертная программа, посвященная Дню домбры, пройдет с участием оркестров имени Курмангазы и академического оркестра «Отырар сазы» им.Н.Тлендиева. Зрители могут увидеть выступления именитых артистов под управлением не менее известных в стране дирижеров, среди которых Айткали Жайымов, Динзухра Тлендиева, Руслан Баймурзин и другие. Одной из фишек программы станет выступление домбристов-левшей, ведь как правило, обычно на инструменте играют правой рукой. Также ожидается выступление народных артистов Секена Турысбекова, Ерлана Рыскали и Айгуль Косановой”, — сообщил главный дирижер оркестра Абылай Тлепберген.
Кроме того, творческий коллектив намерен выпустить серию видеоматериалов и книгу, рассказывающую историю первого национального оркестра.
“Мы хотели бы запечатлеть почти что вековую историю оркестра в различных видеоматериалах, книжных изданиях, рассказать об эволюции оркестра до наших дней. Познакомить с музыкантами, дирижерами, которые стояли у истоков. В настоящее время мы работаем над архивными материалами. Свободное от концертной жизни время посвящаем этой работе”, — рассказал А. Тлепберген.
Казахский национальный оркестр народных инструментов имени Курмангазы был основан в 1934 году академиком Ахметом Жубановым. В коллективе сегодня около 90 оркестрантов, в репертуаре которого 4000 произведений.
https://almalife.kz/culture/4017-90-shy-kontsert-mausymyna-erekshe-ba-darlama-zhosparlaudamyz-rman-azy-atynda-y-orkestr-zhymy
https://almalife.kz/culture/4018-my-planiruem-osobennuyu-programmu-na-90-kontsertnyj-sezon-kollektiv-orkestra-im-kurmangazy