Құрметті оқырман, 2023 жылдың 5 қазан күні сағат 19.00-де 90 жылдық тарихы бар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің көптен күткен 90 — маусымының ашылу концерті өтеді.
🔸Ұлттық оркестрдің маусымашар кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев, Қазақстанның Халық артисі Нұржамал Үсенбаева, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Расул Жармағамбетов, Азамат Малышов өнер көрсетеді.
🔹Биылғы 90-маусым жаңалықтарға толы болмақ. Құрманғазы оркестрінің 90 жылдық мерейтойына орай Құрманғазы атындағы XII Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсы, гастрольдік сапарлар ұйымдастырылып, Ұлттық оркестрдің 90 жылдық мерейтойы Республика көлемінде атап өтіледі.
🔸Оркестрдің бас дирижері: Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген
🔹Дирижерлар: ҚР Мәдениет қайраткері Жексен Айсын, Республикалық конкурстардың лауреаты Нарын Қажығали.