🔹2024 жылдың 2 ақпан күні сағат 19.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ғимаратында Құрманғазы оркестрінің 90 жылдық мерейтойы аясында Әлшекей Бектібайұлының құрметіне арналған «Сыр өңірінің ән-күй мұрасы» атты күй кеші өтеді.
🔸Кеште “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері Әлімжан Әбсадықов, Мәдениет саласының үздіктері: Батырбек Байназаров, Жадыра Арыстанова, күйші композитор Марат Жанғазы, Республикалық конкурстың лауреаты Мәлік Дәрменов өнер көрсетеді.
Кештің мақсаты – Әлшекей күйлерінің екінші тынысын ашып, халыққа насихаттау.
🔹Дирижерлер:Оркестрдің бас дирижері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген, «Құрмет» орденінің иегері Еркін Нұрымбетов, ҚР Мәдениет қайраткері Жексен Айсын, Халықаралық конкурстардың лауреаты Нарын Қажығали.