2005 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын қыл қобыз мамандығы бойынша аяқтап, Н. Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінде 2007 жылға дейін қызмет еткен.
2007 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптары оркестрінде қыл қобыз тобында қызмет етіп келеді.