25 қаңтар күні сағат 19.00-де Қазақстан композиторларының шығармаларынан концерт өтеді. Концертте Қазақстанның халық артисі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Есенгелді Рза, Мәдениет саласының үздігі Әсет Джумабаев, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты Мадина Ерланова, Рақымжан Әсел өнер көрсетеді.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Батыржан Мықтыбаев.
Оркестрдің бас дирижері – Абылай Тілепберген.
Дирижерлар – Жексен Айсын, Нарын Қажығали.
Концертте Еркеғали Рахмадиев, Мұқан Төлебаев, Кенжебек Күмісбеков және өзге де танымал отандық композиторлардың шығармалары орындалады.
Ұлттық оркестрдің жаңа жылдағы алғашқы кешінен қапы қалмаңыздар