2022 жылдан бастап казірге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде әртіс ретінде қызмет етіп келеді
1997 жылы 29 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Мұқан Төлебаев атындағы №5 музыкалық мектепке домбыра сыныбы бойынша қабылданды (педагог Қарабекова Айнаш). Оқу барысында түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды, олар: 46-шы жас музыканттар байқауы (Алматы, 2012 ж., І орын), «Жас талант» жас таланттар байқауы (Алматы, 2011 ж. – ІІ орын, 2012 ж. – І орын) және республикалық дәстүрлі қуыршақ фестивалінің Гран-приі «Ортеке-2012», отбасылық трио құрамында.
2013 жылы П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне домбыра мамандығына оқуға түсті, ұстазы — белгілі педагог, «ҚР Білім беру ісінің үздігі», ҚР Мәдениет қайраткері Шынарбек Асқарұлы Асқаровтың сыныбына қабылданды.
2015 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халық музыкасы факультетінің 70 жылдығына арналған республикалық студенттік пәндік олимпиадада «халық аспаптары» номинациясы бойынша лауреат (І орын) атанды.
2016 жылы Мәскеуде ТМД елдерінің халық аспаптары бойынша халықаралық байқаудың лауреаты атанды. Сол жылы Астанада өткен «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты атанды.
2017 жылы музыкалық колледжді сәтті бітіріп, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына, белгілі зерттеуші-домбырашы Абдулхамит Райымбергенов сыныбына түсті.
2 курста (2018 ж.) күйші Бақыт Басығараевтың 90 жылдығына арналған «Ақжелең» республикалық байқауында Гран-При иегері атанды.
Бақыт Бексұлтан 2019 жылы 3 курсында Президенттік стипендияның иегері атанды.
Ол бірнеше тілде еркін сөйлейді (қазақ, орыс, ағылшын, түрік, сондай-ақ қытай тілін өз бетінше оқиды). 2021 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын өте жақсы тәмәмдап , сол жылы консерваторияның магистратурасына оқуға домбыра мамандығына түседі. Домбыраға Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, шертпей күй шебері — Ысқақов Білал Алпанұлының класына түседі. Сонымен қатар магистратурадағы ғылыми жетекшісі — Өтеғалиева Сәуле Ысқаққызының класында білім алады. Оқуын 2023 жылы үздік бітіріп өнертану ғылымдарының магистрі атанады.
2022 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің құрамында домбырашы болып қызмет етеді.