Бүгін «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-де Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы мен Ұлттық оркестрдің 90 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға байланысты баспасөз конференциясы өтті.
Конференция спикерлері: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев, оркестрдің бас дирижері Абылай Тілепберген, оркестр артисі Сағдат Ақжолова.