🔹2023 жылдың 8 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Құрманғазы Сағырбайұлына арналған «Дүлдүл ән мен пырақ күй» атты концертін өткізеді.
🔸Концертте «Саз-Арт» сазсырнайшылар ансамблі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова, Мәдениет саласының үздігі Ардақ Итекеева, Халықаралық және Республикалық байқаулардың жеңімпазы Азамат Шнаров, Мейірбек Әзімбаев, Республикалық конкурстардың лауреаты Диас Мұратхан өнер көрсетеді.
🔹Кеш бағдарламасы ұлттық күй мен дәстүрлі әннен құралған.
🔸Оркестрдің көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев.
Оркестрдің бас дирижері Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген.