Ералиев Темірбек Аскарұлы, 1965 жылы 16 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгір ауданының Совет колхозы ауылында дүниеге келді.
1980 жылы «Совет» орта мектепті бітіріп, 1980 жылы Алматы музыка училищесіне «Контрабас» аспабы мамандығы бойынша оқуға түсті. 1991 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын «Контрабас аспабы және дирижерлық» мамандығын тамамдады.
1990 жылдан 1999 жыл аралығында Талдықорған облыстық филармониясында қызмет атқарды. Осы аталған филармонияда қазақ халық аспаптар оркестрінің ең бастапқы құрамында болып, оркестрдің ашылуына ат салысты. Оркестрде өнер көрсету барысында, инспектор, екінші дирижер, оркестр директоры лауазымында қызмет атқарды. Осы оркестр құрамында шет елдерде концерттік бағдарламалармен өнер көрсетті. ҚР ең алғашқы Республикалық «Үйгентас шайқасы» көлеміндегі өткізілген дүбірлі тойда ат салысты.
1999-2002 жылдары «Сазген» және «Адырна» фольклорлық ансамбльдерінде өнер көрсетті. Қытай, Оңтүстік Корея, Турция мемлекеттерінде концерттік бағдарламамен гастрольдік сапарларда болған.
Алматы қаласының «Өнер мектебінің» оқушылар оркестрінің жетекшісі болып қызмет атқарады. Осы оркестр бірнеше дүркін лауреат атанды.
2002 жылдан бері П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде РМҚК ПЦК «Қазақ халық аспаптар» бөлімінде «Дирижер» және «Контрабас» мамандықтары бойынша ұстаздық қызметінде жұмыс атқарып келеді. Қазақ халық аспаптар оркестрімен колледішілік концерттерде белсенді ат салысып келеді.
2017 жылы Астана қаласында өткен ЭКСПО – да Қазақ халық аспаптар оркестрімен концертте өнер көрсетті. Өзінің осы колледжі бітірген түлектерім Халықаралық, Республикалық конкурстарының лауреттары.
Үйленген, жұбайы — Чимбаева Сажида, 1967 жылы туған, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде ұстаздық қызметін атқарады. Үш баласы бар. Ұлым — Асқаров Дидар Темірұлы, қыздарым — Асқарова Алтынай Темірбекқызы, Асқар Амина Темірбекқызы.
Мәдениет саласының үздігі.