🔹Халық мұраларымен қатар классикалық Еуропа туындыларын терең меңгеріп, талантты орындап жүрген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 2023 жылғы 19-23 маусым күндері аралығында Италия Республикасының (Рим, Неаполь, Флоренция) қалаларына «Көшпенділер әуені» атты гастрольдік сапармен барады.
🔸Еуразияның ұлы даласында ғасырлар бойы салтанат құрып, салиқалы ғұмыр кешкен, теңдесі жоқ төлтума туындыларымен тарихын жазған халқымызды әлемге танытып келе жатқан өнер ордасының халықаралық деңгейдегі гастрольдік сапары ұлттық оркестрдің 90 жылдық мерейтойы қарсаңына ұйымдастырылып отыр.
🔸Көнцертте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрімен қатар ҚР еңбек сіңірген қайраткері, күйші-домбырашы Батыржан Мықтыбаев, дәстүрлі әнші Сержан Мұсайын, Мәдениет саласының үздігі қобызшы Ақайша Жұрбай, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты Әсел Рақымжан өнер көрсетеді.