2022 жылдан бүгінгі кунде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің артисті болып жұмыс істейді
Кенжалиева Раиса Садыққызы 1976 жылы 11 мамырда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында дүниеге келген.
1981 жылы Ақтөбе қаласындағы №6 қазақ орта мектебіне барып, 1991 жылы мектепті аяқтады.
1991 жылы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық училищесіне «қобыз» класына оқуға түсіп, тәмамданды.
2003-2005 жылдары аралығында А.Жұбанов атындағы камералық хорда жұмыс жасаған.
2005 жылдан бастап 2022 жылға дейін Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінде әртіс ретінде қызмет атқарды.
Филармония қобызшыларының жеке концертінде өз үлесімді қосты.
2022 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне Ақтөбе облысы әкімінің атынан алғыс хатпен марапатталды.
2022 жылдан бүгінгі кунде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің артисті болып жұмыс істейді