Бүгін Ұлттық оркестр 8-наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концертін өткізді.
Мерекелік кеште ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов, Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Шаба Әденқұл, «Славян базары» байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенова өнер көрсетіп, барша аналарды, аяулы аруларды келе жатқан мерекемен құттықтады.
Концерт барысында Ұлттық оркестр директоры Медет Ермекқалиұлы, бас дирижер Абылай Тілепберген кешке келген нәзік жанды аруларға жүрек жарды тілектерін арнап, оркестр домбырашылары Құрманғазы оркестрі атынан мерекелік кешке келген аруларымызға раушан гүлдерін тарту етті.
Сондай-ақ керемет мерекелік кешті «Қазақ әйелінің келбеті» жылжымалы көрмесімен әрлеген ҚР Мемлекеттік Орталық музейіне және Орталық музей директоры Рашида Ерімқызы Хариповаға, қазақ этнографияларынан сыр шерткен музей қызметкері Тимур Болсынбек мырзаға ерекше алғысымызды білдіреміз.