Бүгінде ұлттық өнерді ұлықтап, келешек ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп жүрген аға буын өкілдерінің бары көңілге қуаныш сыйлайды. Солардың қатарында ҚР Мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің артисі, домбырашы Асылбек Ахатов та бар.
2023 жылдың 5 мамыр күні Ұлттық оркестр артисі Асылбек Ахатовтың шығармашылық концерті өтті.
Рухани кеште Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, ҚР Мәдениет қайраткері Сәлімгерей Садықов, Шаба Әденқұл, Нұрболат Исаев, Гаухар Ермағанбетова өнер көрсетті.