Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 90 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан ұлттық арнасы “Таңшолпан” бағдарламасында мерейтойлық алғашқы эфирін өткізді.
Еліміздің басты арнасында өткен тікелей эфирде күйден шашу шашылып, оркестрдің директоры Медет Ермекқалиұлы және оркестрдің бас дирижері Абылай Тілепберген көрермендерге сұқбат берді. Сұқбат барысында оркестрдің мерейтойлық концерттері, алған қойған жоспарлары, гастрольдік сапарлары айтылды.
Ұлттық оркестрдің 90 жылдық мерейтойына бірге куә болайық.
Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет!