Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі.
Бүгін Ұлттық оркестр өз көрермендерін ҚР Мәдениет қайраткері, дирижер Жексен Айсынның оркестрге лайықтап жазған жаңа туындыларымен қуантты.
Әлемдік және отандық танымал композиторлардың туындылары орындалған кеште алдыңғы қатарлы сахна саңлақтары өнер көрсетті.
Ұлттық оркестрдің келесі концерті 15 ақпан күні өтетін «Классика кеші» атты концертімен жалғасын табады.