2023 жылдың 17 қараша күні сағат 17.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, қобызшы – Құндыз Қаламбаеваның «Қоңыр» атты мерейтойлық концерті өтеді.
🔹Кеш қонақтары: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Жайымов Айтқали Тілепқалиұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әлқуат Қазақбаев, Жеңіс Ысқақова, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің артисі, қобызшы, “Құрмет” орденінің иегері Жанар Жүсіпова, Мәдениет саласының үздігі Сәуле Рахимғалиева, Республикалық конкурстардың лауреаттары Жұмабек Қаңтарбаев, Айнаш Жайлибекова, Мирасхан Жұмабаев, Ален Сарбуфин, Тұрғанов Аятолла.
🔸Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Батыржан Мықтыбаев.
🔹Оркестрдің бас дирижері – Абылай Тілепберген.