2023 жылғы 2-3 қарашада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің ғимаратында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Ұлттық оркестрдің «Оркестр түні» жобасы ұйымдастырылмақ. Құрманғазы оркестрінің жеке брендіне айналған аталмыш кештің ерекшелігі әлемдік танымал хит туындыларды және әдемі әндерді оркестрдің сүйемелдеуімен еліміздегі алдыңғы қатарлы өнер жұлдыздарының орындауында тыңдай аласыздар.
🎆Концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексенұлы, Алашұлы тобы, Қазақстан дауысы жобасының қатысушысы, көрермен көзайымына айналған Толғанай Пазылақын өнер көрсетеді.
🎶Әлемдік хиттер кешінен қапы қалмаңыздар!
🎶Біз сіздерді күтеміз!