Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің 90 жылдық мерейтойы аясында оркестр тарихында тұңғыш рет Ұлттық оркестр концертмейстерлерінің концерті өтті. Концертте Құрманғазы оркестрінің концертмейстерлері әлемдік және отандық композиторлардың шығармаларын орындады.
✨ Бағдарламада классиктердің шығармалары, сондай-ақ елімізге танымал өнер майталмандарының туындылары ұсынылды.
Оркестрдің бас концертмейстері — Батыржан Мықтыбаев
II Қобыз тобының концертмейстері — Дина Мирбекова
Прима домбыра тобының концертмейстері — Сәнжан Сабырғалиева
Домбыра констрабас тобының концертмейстері — Бауыржан Әлімжанов
Прима секунда тобының концертмейстері — Абилкасимова Нұргүл
Альтқобыз тобының концертмейстері — Ритта Уразгалиева
Бас домбыра тобының концертмейстері — Джумабаев Асет
Бас қобыз тобының концертмейстері — Жылқышинова Әсел
II Домбыра тобының концертмейстері — Біржан Әлиев
I Қобыз тобының концертмейстері — Әсел Рақымжан
Қыл қобыз тобының концертмейстері — Ардақ Итекеева
Шертер тобының концертмейстері — Джумашева Эльвира
Сырнай тобының концертмейстері — Жақиянов Әділет
⚜️Концертмейстерлер кеші — биыл алғаш рет ұйымдастырылған Ұлттық оркестрдің ірі жобаларының бірі. Кешіміздің қадірлі қонағы болған барша көрерменге мың алғыс!